Соғыс ардагері, Ақтаудың алғашқы ұстазы -Рамазан Қабыловты еске алу шарасы өтті. Соғыстан кейінгі өмірін білім саласына арнаған арда азамат есімі Ақтаудағы 3-ші орта мектепке берілген. Жеңіс күні қарсаңында Рамазан Қабыловты туыстары мен шәкірттері еске алып, құран бағыштады.