Биыл Қаражанбас кен орнында алғашқы мұнай бұрқағы атқылағанына 50 жыл. Осыған орай «Қаражанбасмұнай» акционерлік қоғамы мәдени, спорттық, қайырымдылық іс-шаралар өткізуді бастады. Мұнай компаниясы мерейтойы аясында облыстық балалар ауылының тәрбиеленушілеріне велоспиед сыйға тартты. Ұжым бұған дейін облыстағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының материалдық техникалық-базасын жаңарту үшін қажетті жабдықтар сыйға тартқан еді.