Маңғыстаудың инвестицияға тапсырыс ретінде өңірлік бағдарламасы әзірленеді. Аталған жүйе арқылы Қазақстандағы елшіліктер шетелден инвесторлар іздейді. Бұл мәселе Сыртқы істер министрлігіне қарасты Инвестиция комитеті төрағасының қатысуымен өткен жиында көтерілді. Ғабидолла Оспанқұловтың айтуынша, жаңа бастама шет мемлекеттерден күтетін инвестиция көлемін, нақты қандай компаниялармен жұмыс істеу керек екенін анықтауға мүмкіндік береді.