Әлем университеттері Ақтауда бас қосты
Бүгін Ақтауда әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының өкілдері бас қосты. Халықаралық білім беру форумына Қазақстан, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Канада, Аустралия, сондай-ақ Еуропа мен Азия елдерінен 100-ге жуық университет пен колледждің өкілдері қатысты. Форумда шетелдік оқу орындарының өкілдері өздерінің білім беру бағдарламаларын, талаптары мен халықаралық мүмкіндіктерін таныстырды.