Еліміздегі теңіз айлақтары халықаралық 8 түрлі көлік дәлізіне қызмет көрсетеді. Су жолы арқылы жүзеге асатын сауда қатынасын арттыру үшін Қазақстанға кеме жасау зауыты қажет. Бірақ бұл ауқымды жоба қыруар инвестицияны талап етеді. Ал жыл сайын артып келе жатқан жүк ағынын реттеу үшін су көліктерін алу қажет. Сондықтан Қазақстан теңіз флотына тағы 10 су көлігі керек.