Оңалтуға жаңа жағдай: үш жаңа кабинет ашылды
Мейірімнен басталған мүмкіндік. Ақтау қаласындағы №3 арнаулы әлеуметтік көмек көрсету орталығында қызмет алушыларға арналған үш жаңа кабинет ашылды. Олар - емдік дене шынықтыру, гидромассаж және ойын бөлмесі. Жаңа кабинеттер балалардың денсаулығын жақсартуға, оңалту жұмыстарын жүргізуге және жан-жақты дамуына мүмкіндік береді.