Ақтаудың 27-шағын ауданындағы үш үйдің тұрғындары кәріз құдықтарынан  шығатын судың иісіне тұншығып отыр. Бірнеше жылдан бері қайталанып келе жатқан мәселеден  қалалық әкімдік, экология департаменті мен «Каспий жылу», «Су арнасы» кәсіпорны қызметкерлері де хабардар. Қолқаны қабатын иістен тұрғындар терезе аша алмайтынын айтып, арнамызға хабарласты.