Атамекен ауылында 50 отбасы бір аптадан бері ауыз сусыз отыр. Ауылдықтардың сусыз қалуына көшедегі қазу жұмыстары себеп. Яғни көшеге құбыр жүргізу үшін қазу жұмыстары барысында техника ауыз судың құбырын кесіп кеткен. Салдарынан тұрғын үйге келетін су көшеге аққан. Мердігер мекеме өз жұмыстарына салғырт қарағандықтан ауыл тұрғындары бір аптадан бері ауыз сусыз отыр.