Негізгі Жаңалықтар Жас боксшылар шаршы алаңда кездесті

Жас боксшылар шаршы алаңда кездесті

Таушық ауылында бокстан тұңғыш рет республикалық ашық турнир жалауын көтерді. Шаршы алаңда жас былғары қолғап шеберлері күш сынасып, жеңіс үшін жұдырықтасуда. Додаға 2012–2013 және 2014–2015 жылдары туған жасөспірімдер қатысып жатыр. Мұнда Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарынан және жергілікті боксшылар өзара мықтыны анықтап, боксшылар бақ сынауда. 


Бөлісу