Өнердегі өрнек
Өнер – ізденіс пен еңбектің жемісі. Ал ұлттық нақышты туындысына арқау еткен суретшінің әр жұмысы өзіндік сыр шертеді. Маңғыстау өнер колледжінің оқытушысы Жанат Жолдасбаева 28 жылдық шығармашылық жолындағы еңбектерін алғаш рет көпшілікке таныстырды. «Өрнекті әлем» атты көрмеде суретшінің ұлттық болмыс, отбасы құндылығы мен ана мейірімін бейнелейтін картиналары таныстырылды.