Ауыз су қашан беріледі?
Ақтаудың 8 - шағын ауданында тұрғындар бес күнге жуық ауыз сусыз отыр. Күнделікті тіршілігіне қажетті судан қағылған жұрт мәселенің тезірек шешілуін талап етеді. Ал тіршілік нәрінің тапшылығы шағын аудандағы кәсіпкерлерге де айтарлықтай қиындық туғызған. Кәсіп иелері тапсырыстарын орындай алмай, қаржылық шығынға батып жатқанын айтады. Тұрғындардың шағымынан кейін түсірілім тобымыз оқиға орнына барды. Біз барған сәтте жауапты мекеме қызметкерлері іске кірісіп, ақауды жоюға кірісе бастады. Енді тұрғындар судың қашан берілетінін күтіп отыр.