Ақтауда ірі мөлшерде алаяқтық жасаған екі әйел сотталды. Жаза арқалағандардың бірі қылмыстық ұйым құрып, заңсыз жолмен алынған ақшаны заңдастырып отырған. Ал оның сыбайласы да қылмыстық ұйымға қатысқаны, алаяқтық жасағаны сотпен нақты дәлелденді. Істі болған екеуі 300 ге жуық адамды алдап, Қытайдан арзан ыдыс - аяқ пен түрлі тұрмыстық техникалар алып беремін деп жұртты сан соқтырған. Шығын көлемі, 2 млрд 8 млн теңге.