Зейнетақы дауы
Ақтауда туберкулезге қарсы орталықтың 90-ға жуық қызметкері зейнетке шығу кезінде қиындыққа тап болды. Айтуларынша, жұмыс беруші зиянды еңбек жағдайы үшін төленуі тиіс 5 пайыздық міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасын бірнеше жыл аудармаған. Қазір қауіпті ортада еңбек еткен медицина қызметкерлері өздеріне тиесілі төлемді талап етіп отыр.