Ұзақ өмірдің сыры - еңбекте
1 қазан - Халықаралық қарттар күні. Бұл дата әлем бойынша 1991 жылдан бері аталып өтіп келеді. Мерекенің басты мақсаты - аға буынның еңбегін құрметтеу, олардың қоғамдағы орнын айшықтап, қарттарға қамқорлық көрсету. Осы мереке қарсаңында арнамыздың тілшісі Жаңаөзен қаласының ең қарт тұрғыны Үзімхан Қараевамен жүздесіп, өнегелі ғұмыры жайлы сұхбаттасып қайтты. 96 жастағы кейуананың үлкен ұлы бүгінде 74 жаста. Ал тұңғыш немересі 52 жасқа толған. Бір әулеттің бірнеше буынына ақылын айтып, батасын беріп отырған Үзімхан әжей - кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық ғибратты ғұмыр иесі.