Теңге ауылында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында тұрғындармен кездесу өтті. Жиында ауылдағы қоғамдық қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Учаскелік полиция инспекторының көмекшісі жыл басынан бері елді мекенде 11 қылмыс тіркелгенін баяндады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, барлық дерек бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, қылмыстар дер кезінде ашылған.