Түркияға табаны тиген адам сол елге саяхаттап бара бергісі келетін көрінеді. Төрт бірдей теңіз қоршап жатқан мемлекетке жыл сайын миллиондаған турист ағылады. Бауырлас елге биыл барған қазақстандық саяхатшылардың қатарында Аңқаты ауылының тумасы Арайгүл Ерлан бар. Медиа саласында 5 жылдан бері жұмыс істеп жүрген ол Стамбул, Фетхие, Каш, Измир қалаларын аралапты.