Қабырғаға жан бітіріп, қарапайым кеңістікті өнер туындысына айналдыру - кез келгеннің қолынан келе бермейді. Атыраулық жас суретші Ұлдай Қайырлықызы он жылдан бері қабырғаға сурет салып, бүгінде барельеф пен интерьерлік жұмыстар арқылы көпшіліктің қолдауына ие болып жүр.