Ақтауда тропикалық көбелектер көрмесі көпшілікке есігін айқара ашты. Қала тұрғындары мен қонақтары бір ай бойы көздің жауын алатын тропикалық көбелектер көрмесін тамашалай алады. 16 тамызға дейін өтетін көрмеде Оңтүстік Азия, Филиппин, Үндістан, Индонезия және Қытайдың тропикалық аймақтарынан әкелінген көбелектердің тоғыз түрі ұсынылған.