Ақтауда мемлекеттік тілді меңгеруге қызығушылық танытқан этнос өкілдерінің қатары көбейіп келеді. Қабиболла Сыдиықов атындағы облыстық кітапханасында «Тіл - достық көпірі» атты қазақ тілін ауызекі үйретуге бағытталған үйірме жұмыс істейді. Мұнда қатысушылар күнделікті қарым -қ атынаста қажет сөздік қорын байытып, қазақ тілінде еркін сөйлеп, өз ойын жеткізу машықтанады.