Бейнеу ауданында қазақ күресінен тартысты бәсеке өтті. «Қазақстан барысы» республикалық турниріне аудандық іріктеу додасында 10 палуан боз кілемде белдесті. Ұлттық спорттың мәртебесін көтеруді мақсат еткен жарыста балуандар өз шеберлігін көрсетті. Қарсыласын қапы қалдырған үздіктер облыстық кезеңде Бейнеу ауданының намысын қорғайтын болады. Боз кілемге шыққан спортшылар қазақ күресімен кәсіби түрде айналысып жүр.