Онды ауылының тұрғыны Ғазиза Бүркітова жұмысқа велосипедпен қатынайды. Соңғы екі айдан бері мұны әдетке айналдырған. Нәтижесі де жаман емес. Осы аралықта 2 келіге дейін салмақтан арылыпты. Қазір ол күнделікті қозғалыстың арқасында өзін әлдеқайда сергек сезінеді.