Қазақстанда тұратын әр азамат қазақ тілін білуі керек. Бұл өзің өмір сүріп жатқан ел мен жерге деген құрмет дейді қазақ тілін ана тіліндей меңгерген біздің бүгінгі кейіпкерлеріміз. Олар әр ұлттың өкілі болғанымен оларды қазақ тілі біріктіреді, жақындастырады.