Маңғыстауда Сенек ауылының тұрғыны құмды алқапты тиімді пайдаланып, квадроциклмен серуендеу қызметін қолға алған. Кәсіпті бастауға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілген. Бүгінде отбасылық бизнес өңір тұрғындарының қызығушылығын арттырып, келушілер саны күн санап көбейіп келеді.