Қызылөзен ауылында тұрғын саны аз болғанымен, мұнда ауыл шаруашылығы мен егін шаруашылығы қатар дамып келеді. Сонымен бірге ауылда шағын кәсіп түрлері де жұмыс істеп тұр. Солардың бірі - ауылдағы глэмпинг қызметі. Бұл демалыс орны ауылға келген қонақтар мен туристерге қызмет көрсетіп, теңіз жағасында ерекше демалыс ұсынады.