Жаңаөзен қаласында бокстан IV республикалық ашық турнир өтті. Дәстүрлі жарыс Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы Жеңіс Жарылғапұлын еске алуға арналды. Былғары қолғап шеберлері бас қосқан додада жас спортшылар өзара мықтыны анықтап, тартысты жекпе-жектер көрерменге ерекше әсер сыйлады.