«Amanat» партиясының жергілікті өкілдері көшпелі қоғамдық қабылдау жобасы аясында Қарақия аудандық емханасының ұжымымен кездесті. Кездесуде медицина саласындағы ақ халаттылар өз ұсыныс - пікірлерін жеткізді. Заманауи құрал - жабдықтармен қамтылған мекемеде тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуге барлық мүмкіндік қарастырылған.