Мұнайлы ауданында Алаш зиялыларының тарихы мен мұрасын дәріптеуге арналған шара өтті. Жиында ұлт қайраткерлерінің өнегелі өмір жолы, ел үшін атқарған ерен еңбегі кеңінен насихатталды. Қатысушылар Алаш арыстарына арналған құнды кітаптар мен сирек кездесетін еңбектер қойылған арнайы көрмені тамашалады.