Жыл басынан бері өңірде қарызын өтеуден жалтарып жүрген 1000 борышкер анықталды. Осыған байланысты Ақтауда борышкерлерді анықтауға бағытталған рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Шараның мақсаты - азаматтардың қаржылық міндеттемелерін уақытылы орындауын қамтамасыз ету және сот шешімдерінің орындалуын бақылауды күшейту.