Жазғы демалыс маусымында қазақстандықтардың шетелге саяхаттауға қызығушылығы жоғары. Соның ішінде көрші Қырғызстан қолжетімділігімен әрі табиғи көрікті жерлерімен ерекшеленеді. Таулы өлкеге саяхаттаушылардың қатары жыл сайын көбейіп, елдің туристік әлеуеті де артып келеді. Бауырлас елдегі демалыс мүмкіндіктерімен тілшіміз Гүлнұр Сапарова танысып қайтқан болатын.