Ақтауда тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді. «Заң мен тәртіп» қағидаты аясындағы «Құқықтық дәріхана» акциясында мамандар азаматтардың сауалдарына жауап беріп, заң талаптарын түсіндірді. Шарада құқық қорғау, әділет және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері құқықтық көмек көрсетті.