Маңғыстау облысында алғаш рет Парабадминтон федерациясы ресми түрде тіркелді. Жаңа ұйым мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спортты дамытуға және спортшыларды түрлі деңгейдегі жарыстарға дайындауға бағытталған. Наурыз айында федерация алғашқы турнирін өткізіп, жаңа спорт түріне деген қызығушылықтың жоғары екенін және жергілікті спортшылардың әлеуеті зор екенін көрсетті. Қазіргі таңда ұйым алдында қатысушылар санын арттыру, тұрақты жарыстар өткізу және өңірде парабадминтонды дамыту міндеттері тұр.