Заң талаптарын білу - әр азаматтың құқығын қорғаудың басты кепілі. Осы мақсатта Жаңаөзен қалалық прокуратурасының ұйымдастыруымен «Құқықтық дәріхана» акциясы өтті. Шарада тұрғындар бір алаңда бірнеше мемлекеттік органның мамандарынан тегін құқықтық кеңес алып, өздерін толғандырған сауалдарға жауап алды. Акцияға прокуратура, полиция басқармасы, төтенше жағдайлар бөлімі, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, мемлекеттік кірістер, жер қатынастары бөлімі, халыққа қызмет көрсету мен мансап орталығы, жұмыспен бөлімі, сот орындаушылар, нотариустар, емхана және басқа да мемлекеттік мекемелер қатысты.