«Аралайық» бағдарламасының Құрық ауылына жасаған сапары барысында түсірілім тобы өңірдің тыныс-тіршілігімен жақынырақ танысты. Алдымен ел экономикасында маңызды орын алатын Құрық портына ат басын бұрған арна ұжымы, кейін жергілікті тұрғындардың еңбегімен танысу үшін егін шаруашылығына жол тартты.