Жаңаөзен қаласында заңсыз көші-қон арналарын анықтау және көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында «Мигрант» іс-шарасы өткізілуде. Профилактика барысында көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері шетел азаматтарының елімізде болу тәртібін, еңбек қызметін жүзеге асыру заңдылығын және тіркеу талаптарының сақталуын тексерді.