Ұлт саулығының мықты болуында ақ халатты абзал жандардың үлесі зор. Соның ішінде ана мен бала денсаулығын сақтау - акушер-гинеколог мамандардың басты міндеті. Талай сәби жарық дүние есігін ашқан сәтінде анасына медициналық көмек беріп, адам өміріне араша болуды өмірлік ұстанымына айналдырған жандардың бірі - Айгерім Мырзабай.