Ақтаулық Қанат Әбдиевті көпшілік теңіз түбін қоқыстан тазалап жүрген әуесқой сүңгуір ретінде жақсы таниды. Оның су астындағы тазалық жұмыстарын көрсететін бейнежазбалар әлеуметтік желіде көп таралды. Десек те экобелсендінің бұл іске қалай келгенін, табиғатты қорғауға не түрткі болғанын көп адам біле бермейді.