Құрық ауылындағы су тұщыту зауыты халықты тұрақты таза ауыз сумен қамтып отыр. Заманауи технологиялармен жабдықталған нысан өңірдің су инфрақұрылымын дамытуға үлес қосуда. Зауытта өндірістік үдерістер үздіксіз жүргізіліп, кәсіпорынды кеңейтуге бағытталған жұмыстар қатар атқарылып жатыр.