Форт-Шевченко қаласында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Жолда қабылдау» акциясы өтті. Шара барысында 50-ден астам көлік тоқтатылып, жүргізушілердің құжаттары тексерілді. Сондай-ақ көлік салығы мен өзге де берешектерінің бар-жоғы анықталды.