Маңғыстау облысында келешек мектептердің ашылуы - үш ауысымды білім ошақтарының азаюына ықпал етті. 2024 жылмен салыстырғанда үш ауысымда оқитын мектептердің саны 10-нан 3-ке қысқарған. Президент тапсырмасына сәйкес басталған ұлттық жоба аясында жалпы 12 600 орындық 13 мектеп пайдалануға берілді.