Негізгі Жаңалықтар Маңғыстау облысында саяси партиялардың сайлауалды іс-шаралары жалғасуда

Маңғыстау облысында саяси партиялардың сайлауалды іс-шаралары жалғасуда

Маңғыстау облысында саяси партиялардың сайлауалды іс-шаралары жалғасуда

Маңғыстау облысында саяси партиялардың өңірлік филиалдары мен сайлауалды штабтары тұрғындармен және еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізіп, сайлауалды бағдарламаларының негізгі бағыттарын таныстыру жұмыстарын жалғастыруда. Іс-шаралар әртүрлі елді мекендерде ұйымдастырылып, тұрғындармен ашық пікір алмасу форматында өтті.

«Әділет» партиясының Маңғыстау облыстық филиалының өкілдері өңірдегі «Оңдасын Строй», НГДУ-4, КТЖ, МРЭК кәсіпорындарының еңбек ұжымдары, білім беру ұйымдары, сауда орталықтары, жастар, ардагерлер және ауыл тұрғындарымен бірқатар кездесулер өткізді. Кездесулер барысында партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, әлеуметтік-экономикалық даму, еңбек, білім беру, денсаулық сақтау, жастар саясаты және өзге де өзекті мәселелер талқыланды.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Маңғыстау облыстық филиалы Жаңаөзен қаласындағы «Теңге» мәдениет үйінде тұрғындармен кездесу ұйымдастырды. Онда партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, қатысушылармен пікір алмасу өтіп, тұрғындардың ұсыныстары тыңдалды.

«Байтақ» партиясының Маңғыстау облыстық сайлауалды штабы Маңғыстау ауданының Жыңғылды ауылында тұрғындармен және «Дария» коммуналдық мекемесінің еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы мен кандидаттың ұстанымдары таныстырылып, әлеуметтік-экономикалық даму, қоршаған ортаны қорғау және елді мекендерді абаттандыру мәселелері талқыланды.

Қазақстан Халық партиясының Маңғыстау облыстық филиалы Ақтау қаласындағы «Асар» және «Ақ» базарларында кәсіпкерлермен, саудагерлермен және келушілермен кездесулер өткізді. Іс-шараларда партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, ақпараттық материалдар таратылып, қатысушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

«Ауыл» партиясының Маңғыстау облыстық сайлауалды штабы өңір тұрғындарымен кездесулер ұйымдастырды. Кездесулерде партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, алдағы сайлауға қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар тұрғындармен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты пікір алмасу өтті.

«Ақ жол» демократиялық партиясының Маңғыстау облыстық сайлауалды штабының мүшелері «KazPetroDrilling» еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Іс-шара барысында партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, кәсіпкерлікті қолдау, өндірісті дамыту, еңбек қатынастарына қатысты бастамалар жөнінде ақпарат берілді. Кездесу соңында қатысушылардың ұсыныстары тыңдалып, пікір алмасу ұйымдастырылды.

Respublica партиясының Маңғыстау облыстық филиалы Қарақия ауданының Жетібай ауылында тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары таныстырылып, ауыл тұрғындарын толғандырған мәселелер талқыланып, ұсыныс-пікірлер айтылды.

Өңірде өткен кездесулер барысында барлық партиялар тұрғындармен және еңбек ұжымдарымен тікелей байланыс орнатып, өз бағдарламаларының негізгі бағыттарын таныстырып, қатысушылардың ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады.

Бөлісу