Қазақстандықтардың 72,3%-ы жаңа құрылтай үшін дауыс беруге дайын
Қазақстандықтардың басым бөлігі жаңа Құрылтай сайлауына қатысуға ниетті. Қоғамдық саясат институты жүргізген әлеуметтік зерттеу нәтижесіне сәйкес, респонденттердің 72,3 пайызы 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауында дауыс беруді жоспарлап отыр. Ал 11,9 пайызы сайлауға қатыспайтынын айтса, 15,8 пайызы әлі нақты шешім қабылдамаған. Сауалнама азаматтардың алдағы саяси науқан туралы хабардарлық деңгейі де жоғары екенін көрсетті.