Негізгі Жаңалықтар Маңғыстауда резидентураға жол ашылды

Маңғыстауда резидентураға жол ашылды

2026-2027 оқу жылына жергілікті бюджет қаражаты есебінен резидентура мамандықтарына білім беру гранттарын тағайындау конкурсына құжат қабылдау 15 тамызда басталады. Өтінімдер rezidency.kz порталы арқылы қабылданады. Маңғыстау облысының әкімдігі резидентураға 33 білім беру грантын бөлді. Гранттар акушер-гинекология, жалпы хирургия, анестезиология және реаниматология, педиатрия, онкология, сонымен қатар өзге де сұранысқа ие мамандықтар бойынша қарастырылған. Конкурска қатысу талаптары мен қажетті құжаттар туралы толық ақпарат  rezidency.kz порталында толық жарияланған.

Бөлісу