АІ деректер орталықтарының ірі кластері құрылуы мүмкін
Маңғыстау облысында жасанды интеллект пен деректерді өңдеуге арналған жоғары өнімді инфрақұрылымдық кластер құру жоспарлануда. Жобаның қуаты 500 МВт-қа дейін, ал алдын ала инвестиция көлемі 1,4 млрд АҚШ долларынан асады. Бұл мәселе облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың «Ample Solution Limited» компаниясы өкілдерімен кездесуінде талқыланды.