Негізгі Жаңалықтар Маңғыстаулықтардың көлік салығы бойынша берешегі 1 миллиард теңгеден асты

Маңғыстаулықтардың көлік салығы бойынша берешегі 1 миллиард теңгеден асты

Маңғыстау облысында жеке тұлғалардың мүлік салығы бойынша міндеттемелері есептелді. Биыл салық шамамен 240 мың азаматқа есептелген. Жалпы сомасы 660 миллион теңгеге жуық. Салықты қазан айына дейін төлеу қажет. Қазіргі таңда жергілікті бюджетке 133 миллион теңгеден астам қаражат түскен. Сонымен қатар өңірде көлік салығы бойынша берешек те бар. 13 мыңға жуық тұрғын салық міндеттемесін әлі орындамаған. Жалпы қарыз көлемі 1 миллиард теңгеден асады. Оның бір бөлігі бірнеше жыл бұрын қалыптасқан және үш жылдан астам уақыт бойы өтелмеген.

Бөлісу