Негізгі Жаңалықтар Маңғыстауда саяси партиялардың өңірлік филиалдары сайлауалды жұмыстарын жалғастыруда

Маңғыстауда саяси партиялардың өңірлік филиалдары сайлауалды жұмыстарын жалғастыруда

Маңғыстауда саяси партиялардың өңірлік филиалдары сайлауалды жұмыстарын жалғастыруда

Маңғыстау облысында саяси партиялардың өңірлік филиалдары сайлауалды кезең аясында тұрғындармен, еңбек ұжымдарымен және түрлі әлеуметтік топтардың өкілдерімен кездесулер өткізіп, өз бағдарламаларының негізгі бағыттарын таныстыруда. Кездесулер барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелер талқыланып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.

«Әділет» партиясының өкілдері еңбек ұжымдары, жастар, сала ардагерлері және ауыл тұрғындарымен кездесулер ұйымдастырды. «НГДУ-1», «BBJ Group», «МРЭК» және басқа да мекеме қызметкерлерімен өткен кездесулерде партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, еңбек қатынастары, білім беру, денсаулық сақтау, жастар саясаты және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелер қозғалды.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Маңғыстау облыстық филиалы теңіз жағалауында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тұрғындар мен демалушыларға партияның сайлауалды бағдарламасы туралы ақпарат беріліп, ақпараттық материалдар таратылды.

«Байтақ» жасылдар партиясының облыстық филиалы Ақтау қаласындағы №6 ерекше балаларға арналған балабақша ұжымымен кездесті. Кездесуде партияның негізгі бағыттары мен сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық даму, халықтың әл-ауқаты және қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланды. Қатысушылардың ұсыныстары мен пікірлері тыңдалды.

«Қазақстан Халық партиясының» Маңғыстау облыстық филиалы «ҚТЖ» қызметкерлерімен кездесу өткізді. Іс-шара барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, еңбек ұжымы мүшелерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Сонымен қатар сайлауға қатысуға қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, үгіт-насихат материалдары таратылды.

«Ауыл» партиясының өкілдері облыстық мамандандырылған балалар үйі мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының ұжымдарымен кездесулер өткізді. Сондай-ақ партияның Отбасы, әйелдер және балалар істері жөніндегі комиссиясының қатысуымен «Әйелдердің саясаттағы рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Кездесулерде түрлі мәселелер талқыланып, қатысушылардың ұсыныстары қаралды.

«Ақ жол» демократиялық партиясының Маңғыстау облыстық сайлауалды штабы Бейнеу ауданының Сарға ауылында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ауыл тұрғындарына партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, әлеуметтік-экономикалық даму, шағын және орта бизнесті қолдау, ауыл инфрақұрылымы, отандық өндіріс және халықтың әл-ауқатына қатысты бастамалар түсіндірілді.

«Respublica» партиясының өкілдері Ақтау қаласындағы «СМК Атамекен» ЖШС, «Halyk Bank» АҚ және Ш. Бөлтекұлы атындағы Жоғары спорт шеберлігі мектебінің ұжымдарымен кездесулер өткізді. Кездесулер барысында экология, жұмыспен қамту, еңбек жағдайы, әлеуметтік кепілдіктер, инклюзия, спортты дамыту және жас спортшыларды қолдау мәселелері талқыланып, қатысушылардың пікірлері тыңдалды.

Осылайша, өңірдегі партия филиалдарының сайлауалды кезеңдегі жұмысы тұрғындармен және түрлі еңбек ұжымдарымен кездесулер, ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары, пікір алмасу алаңдары мен ақпараттық материалдар тарату бағыттарында жүргізілуде.

Бөлісу