Баспанасын сарыла күткен салымшылардың шағымы
Ақтау қаласының 29А шағынауданындағы «Grand Turan» тұрғын үй кешенінің құрылысына ақша салған үлескерлер баспаналарын талап етіп, наразылық білдірді. 2022 жылы үй алуға келісімшарт жасасқан 160 салымшы нысанға 1,5 миллиард теңгеден астам қарсы астам қаражат салдық деп отыр. Алайда төрт жылға жуық уақыт өтсе де, тұрғын үй әлі пайдалануға берілмеген.