Негізгі Жаңалықтар Шағын кеме иелеріне қарсы рейд жүргізілді

Шағын кеме иелеріне қарсы рейд жүргізілді

Жаңаөзенде су айдындарында орын алатын қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында профилактикалық шаралар күшейтілді. “Қауіпсіздікке бағдар” республикалық акциясы аясында теңіз жағалауындағы демалыс аймақтарында рейд өтті. Төтенше жағдайлар бөлімі, полиция басқармасы, прокуратура мен еріктілер бірлесіп жаппай тексеріс жасады. Шара барысында гидроцикл мен шағын кемелердің жұмыстары назарға алынды. Нәтижесінде құқықбұзушылықтар анықталып, шағын кеменің иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бөлісу