Орталық алаңда жаңа субұрқақтың құрылысы басталды
Жаңаөзен қаласының орталық алаңындағы құрылыс және қайта жаңарту жұмыстары жоспарлы түрде жүріп жатыр. Қаладағы басты қоғамдық орын саналатын саябақ толықтай заман талабына сай жөнделіп, тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасалады.