Қайтарылған активтер қайда жұмсалды?
Елімізде заңсыз иемделген 1 триллион теңгеден астам актив мемлекетке қайтарылды. Қаражат әлеуметтік маңызы бар жобаларға бағытталып жатыр. Соның ішінде 226 миллиард теңге сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға бөлінген. Сонымен қатар, ел бойынша мектептер мен ауруханалар салынып, жөнделуде. Маңғыстау облысына қайтарылған активтер есебінен 8 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Ақтауда жаңа жедел жәрдем станциясы іске қосылса, Бейнеу аудандық ауруханасы 40 жылдан кейін алғаш рет күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Бұл қаржының қалай жұмсалып жатқаны қалай бақыланады?