Негізгі Жаңалықтар Жаңаөзенде ауыз су мәселесі шешімін тапты

Жаңаөзенде ауыз су мәселесі шешімін тапты

Енді жаңаөзендіктер ауыз суды кесте бойынша алмайды. Тұтынушылар тәулік бойы үздіксіз ауыз сумен қамтылды. «Кендірлі» су тұщыту зауытының іске қосылуының арқасында Жаңаөзен қаласы сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз етілді. Нәтижесінде тіршілік нәрін кестемен беру мәселесі түбегейлі шешімін тапты. Тәулігіне 50 мың текше метр теңіз суын тұщытатын зауыттың суын жергілікті тұрғындар осы жылдың сәуір айынан бастап тұрақты түрде тұтынып келеді. Айта кетейік, стратегиялық маңызы бар нысан мемлекет басшысының тапсырмасымен салынған.

Бөлісу